Жарияланды: 01.10.2021

Түркиямен серіктестік: кондитер фабрикасы ашылды

Алматы облысы Қаскелең қаласында түркиялық “Yakar Şekerleme” компаниясының инвестициясы есебінен кондитерлік өнімдер фабрикасы іске қосылды.

Қазақстанның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлының айтуынша, аталған өндіріс орнында жаңа 90 жұмыс орны ашылып, инвестиция көлемі жалпы қысқа мерзімде 5 млн долларға жеткізіледі

Фабриканың өнім өндіру қуаттылығы жылына – 6000 тонна. Оның ішінде шоколад – 2400 тонна, тәттілер – 3600 тонна. Отандық өнім Ресей, Орта Азия мемлекеттері мен шақын шетел елдеріне экспортталады.

3 361 қаралым