Жарияланды: 15.12.2021

«DENSAULYQ» қоғамдық бірлестігі Тәуелсіздік күніне қайырымдылық көмек көрсетті

Биыл Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Бұл –қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін айқындайтын маңызды белес.

16 желтоқсан «DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында іс-шаралар өткізді.

Мереке қарсаңында бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің тұрмыс жағдайын қолдау мақсатында 223 кәсіподақ мүшелерінің отбасыларына материалдық және қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл игі шараның мақсаты — мұқтаж жандарға қол ұшын беру. Сондай-ақ кәсіподақ мүшелеріне қамқорлық көрсету. Мекеме атынан көрсетілетін көмектердің саны жылдан жылға артуда. Мұнан бөлек мекеме атынан медицина саласының қызметкерлеріне тұрақты түрде материалдық көмек көрсетіліп келеді.

Тәуелсіз еліміздің гүлденіп-көркею жолында денсаулық сақтау саласындағы елеулі еңбегі зор, кәсіподақ қозғалысының қосқан үлесі қомақты. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын айрықша атап өту мақсатында 45 бастауыш кәсіподақ ұйымдарының белсенді мүшелерін арнайы атап өттік.

«DENSAULYQ» денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мен «Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және онымен күресу орталығы» облыстық ұйымдар арасында волейболдан спорттық іс-шара ұйымдастырылып, жарыс өткізілді. Спорттық жарыстарды ұйымдастыру маңызы айрықша оқиғаға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына сондай-ақ «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне» және пандемияның дамуы мен таралуының алдын алуға қарсы күреске арналған. Спорттық іс-шараны қолдау мақсатында жеңімпаз командалардың барлығына кубок, заттай сыйлықтар, мақтау қағаздары, басқа командаларға номинациялық сыйлықтар табысталды.

«DENSAULYQ» кәсіподағы тәуелсіздік жылдары құрылып, елдің дамуы жолында орасан зор тірліктер атқарып келеді Тәуелсіздіктің 30 жылдығына «Облыстық фтизиопульмонология орталығының» Түркістан облысында фтизиатрия саласында ұзақ жылдар бойы, яғни 30 жыл көлемінде халыққа сапалы медициналық көмек көрсетіп, туберкулез ауруының азаюына елеулі үлес қосқан және денсаулық саласында қызметін жалғастырып жатқан 25 медицина қызметкерлерінің еңбектері ескеріліп, марапатталды.

Кәсіподақ мүшелері көрсетілген көмекке ризашылықтарын білдірді. «Тәуелсіздігіміз тұғырынан таймасын, елдігіміздің ғұмыры ұзақ болсын! Қазақстанның тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, барлық бастамалар сәтті болсын!» — деп ұжымға тілек білдірді.

«DENSAULYQ» кәсіподағының ең басты құндылығы –жұмысшылардың мүддесін қорғау. Барлық тараптардың мүдделері үшін әлеуметтік әріптестермен ашық өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық бағытта жұмыс істейді. Бүгінгі күні барлық кәсіподақ ұйымдарында ұжымдық шарт бойынша жұмыс жасалып келеді.

Денсаулық сақтау саласындағы кәсіподақ ұйымының көрсетер көмегі көп. Дәл қазіргі уақытта сала мамандарына қолдау көрсетіп, демеу жасап келеді. Алдағы уақытта кәсіподақ ұйымының жүзеге асырар ауқымды жоспарлы іс-шаралары жалғасын таба береді.

592 қаралым