Жарияланды: 18.12.2021

Түркістан: Тәуелсіздік күні 200-ге жуық сәби дүниеге келді

Тәуелсіздік күні, яғни, 16 желтоқсанда Түркістан облысында 190 сәби дүниеге келді.
Соның ішінде 96 ұл бала болса, 94-і — қыз бала. Бүгінде нәрестелер мен аналардың жағдайы жақсы.
Түркістан қаласындағы №3 Облыстық перинаталды орталығында 36 сәби дүниеге келген.
Айта кетейік, мереке күні кезекші
ауысымда нәресте мен анаға күтім жасайтын жоғары білікті дәрігерлер, тәжірибелі акушерлер мен медбикелер жұмыстарын жоғары деңгейде атқаруда.
Елімізде бала туу көрсеткіші бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
__
527 қаралым