Жарияланды: 11.01.2022

Тоқаев үкіметке утилизация алымын алып тастауды бұйырды

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Оператор РОП-қа» төленетін утилизация алымын алып тастауды бұйырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2016 жылдан бастап Қазақстан көлікті импорттау үшін утилизация алымы алынып келеді. Ол АЕК-ке байланысты болғандықтан, жыл сайын өсімі жалғасып келеді. Қозғалтқыштың көлеміне және көлік түріне қарай утилизация көлемі 450 мың теңгеден 14 миллион теңгеге дейін жетеді.

Бұл төлем түрін төлеуге автокөлік өндірушілер, ресми импорттаушылар және Қазақстанға көлік әкелгісі келетін жеке тұлғалар міндетті. Төлем көлікті бастапқы тіркеуге дейін жүзеге асырылатындықтан, бұл бағаны айтарлықтай арттырады.

1 192 қаралым