Жарияланды: 11.01.2022

Блок бекеттерде қызмет етіп жүрген полицейлерге ас берілді

 

5 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының облыстары, қалалары арасында блок бекеттер қойылғандығы баршаңызға белгілі. Осы тұста аталмыш блок бекеттерде өз міндеттерін мінсіз атқарған ордабасылық сақшыларға ардагер полицейлер ас берді.

 
Онда облыс аумағында алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында күшейтілген режимде қызметтік міндеттерін адал атқарып жүрген полицейлермен тілдесіп, өз алғыстарын жеткізді. Өз кезегінде ардагерлерге риза болған полицейлер әрқашан халық үшін қызмет етуге дайын екендіктерін жеткізді.
 
Айта кетер жайт, Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланғаннан бастап, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында блок бекеттер қойылған болатын. Тәртіп сақшылары барша тұрғындарды қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады.
 
605 қаралым