Жарияланды: 11.01.2022

Күшіміз бірлікте: Halyk Bank басқа екінші деңгейлі банктердегі әріптестеріне көмектесуде

Halyk Bank апта басталғалы Семей қаласындағы бірнеше екінші деңгейлі банктерге ортақ көмек көрсетуде. Банк қызметкерлері Halyk Bank еншілес құрылымындағы әріптестерімен бірге кейбір қаржы институттарына ақша жеткізуді қамтамасыз етуде. Мәселен, 10 қаңтарда одан әрі жұмыс істеу үшін ЦКБ-ке, ал бүгін қажетті қаражат Jusan Bank-ке жеткізіледі.

Halyk Bank атап өткендей, бұл қадам әріптестерге тек кәсіби қолдау көрсету мақсатында ғана емес, жалпы еліміздегі бүкіл қаржы секторының жұмысын жедел қалпына келтіру үшін де жасалуда.

#СилавЕдинстве!
#КүшімізБірлікте!

1 000 қаралым