Жарияланды: 11.01.2022

Қуат Хамитов қамауға алынды

Елдегі соңғы наразылық акцияларын қолдаған ММА файтері Қуат Хамитовты ОМОН тобы ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы өзінің instagram желісінде туған әпкесі хабарлаған.

“Көмек қолын созыңыздаршы, жаңа ғана үйден менің інім, спортшы Қуат Хамитовты  ондаған ОМОН қолын байлап, ұрып, күшпен алып кетті”,- деп жазған әпкесі.

Еске салсақ, боксшы бұған дейін елдегі жағдайды сынай отырып, митингке қатысқан болатын.

Өзінің инстаграм желісінде:

“Алматы, батыстықтар халықпен бірге”,-деп видео жүктеген болатын.

1 335 қаралым