Жарияланды: 16.01.2022

Әлия Назарбаева әлеуметтік желілердегі парақшаларын өшіріп тастады

фото Стан.кз

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Instagram мен Facebook желісіндегі жеке парақшасын өшіріп тастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасын өшіріп тастаған.   Znak порталының мәліметінше, бұған Instagram-ның оның орнасласқан жерін Біріккен Араб Әмірліктері деп көрсетуі себеп болуы мүмкін. 

Енді оның Instagram және Facebook-тегі парақшаларына кірсеңіз, енді: «Иесі парақшаны жойған немесе оған кіруге шектеу қойған болуы мүмкін» және «Сіз жарамсыз сілтемені пайдаланған болуыңыз мүмкін немесе бет жойылды» деген хабарламаларылары шығады. 

Еске салсақ, бұған дейін Әлия Назарбаева отбасында алғашқылардың бірі болып Қазақстанда орын алған тәртіпсіздіктер жайлы пікір білдірген еді.

«Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғаларға жүрегім ауырады. Зардап шеккендер мен қаза болғандарға қайғысы мен өкінішін жеткізуге сөз таппай отырмын. Қаза болғандардың отбасына қайғырып көңіл айтамын. Бұл бәрімізге сабақ болатын тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Адамдардың бейбіт кезеңде көз жұмып жатқаны дұрыс емес», – деп жазды Әлия Назарбаева әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда желі қолданушылары оның орналасқан жері Біріккен Араб Әмірліктері ретінде автоматты түрде анықтағанын байқаған. 

1 633 қаралым