Жарияланды: 17.01.2022

Алматыдағы мәйітханадан 41 адамның денесі ұрланған

фото стан.кз

Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов әлдебіреулер мәйітханалардан 41 адамның денесін ұрлап кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Шабуылдарды кәсіби дайындықтан өткен, қару-жарақ пен ұрыс әдістерін жетік меңгерген адамдар жасаған. Сонымен бірге олар қаза болғандар мен жараланғандарды қалдырмай, өздерімен бірге алып кетті. Осы күндері мәйітханаға 7 шабуыл жасалды. Көз жұмған 41 адамның денесін белгісіз біреулер ұрлап кеткен», – деді Алматының бас коменданты.

Еске салсақ, бұған дейін ол қаладағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде 149 тұрғын мен 11 құқық қорғау қызметкері көз жұмғанын мәлімдеген болатын.

754 қаралым