Жарияланды: 17.01.2022

Түркістандық тұрғындардың қаруларын алып қойып жатыр

Түркістан облысында тұрғындардың қарулары уақытша сақтауға қойылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының талаптарын орындау мақсатында Сауран ауданына қарасты әкімшілік аумақтарда Сауран ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері жеке тұлғалардан қару және оқ дәрілерді уақытша алып қою бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуде.

 
Сауран аудандық ПБ-ға жалпы 405 азаматтық қару тіркеуге алынған. Оның ішінде тегіс ұңғылы — 385, 5 газды тапанша және 15 тегіс ұңғылы аңшы қаруы тіркелген. Қазіргі таңда яғни, ағымдағы жылдың есебі бойынша Сауран ауданы мен оған қарасты елді мекендерден жеке тұлғалардан жалпы — 360 аңшы қаруы, оның ішінде 5 ойық ұңғылы аңшы қаруы алынды. Аталған суық қарулар Сауран ауданы ПБ-ға жеткізіліп, тиісті іс құжаттар жинақталды. Содан соң Түркістан облысы Полиция департаментінің қару сақтау қоймасына уақытша сақтауға қойылды.
 
Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруын қолданумен қылмыс жасағаны, сондай-ақ атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны және өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.
505 қаралым