Жарияланды: 04.02.2022

Жаңаөзенде тағы да ереуіл

 

Жаңаөзенде бір топ тұрғын жергілікті қала әкімдігіне келіп, мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдауды талап етті.

Жаңаөзенде жұмыссыз жастар қала әкімдігінен жұмыспен қамтуды талап етіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Бүгін Жаңаөзенде бір топ қала тұрғыны мұнай-газ саласына жұмысқа қабылдауды, сонымен бірге мердігерлік мекемелер арқылы «ӨзенМұнайГаз» АҚ штатына кезекпен жұмысқа орналасу туралы келісімді жоюды талап етті.

«Жаңаөзен қаласында осы күнге дейін жұмыссыздық мәселесі оң шешімін таппай отыр. 2020 жылы қала әкімдігі жасаған жұмыссыздар тізімі әділетсіз түзілуіне байланысты сенімсіздік білдіреміз. Осы жұмыссыз азаматтарды болашағы бар мұнай-газ саласына тұрақты жұмысқа орналастыруды талап етеміз», — деді жиналған жастар.

 

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Жаңаөзен қаласы әкімдігі тұрғындарды жұмысқа орналастырудың жолдарын түсіндіріп жатқанын хабарлады. Талап қойған жастарға жұмыспен қамту орталығындағы бос жұмыс орындары ұсынылған. Алайда өтініш білдірушілер бұл ұсынысты қабылдамай отырғанға ұқсайды. Олар тек мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр.Мұ

1 000 қаралым