Жарияланды: 04.02.2022

Ертең Алматыда митинг өтеді

Алматы әкімдігі  белсенділерге митинг өткізуге рұқсат берді. Белсенділердің басты талабы елде әкімдерді сайлауды енгізуді талап ету болып отыр. Бұл туралы белсенді Марат Тұрымбетов Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-ден сағат 14.00-ге дейін Шоқан Уәлиханов ескерткіші маңында өтеді. Белсенділер талабы бойынша, Алматы қаласының әкімін халық таңдауы керек.

Бұл жиынды өткізуге қала әкімдігі рұқсат берді, деді Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Айдар Есенбеков.

Қоғам белсендісі  Марат Тұрымбетов бұдан бір күн бұрын Алматы әкімдігі аза тұту митингісін өткізуге рұқсат бермегенін де айтты. Олар митингіні ақпан айының басында өткізгісі келген. Митинг өткізуге рұқсат бермеудің ресми себебі — қаладағы эпидемиологиялық жағдай.

2 829 қаралым