Жарияланды: 10.02.2022

Жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар қылмыстық топтың басшылары ұсталды

Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтың басшылары мен қатысушылары ұсталды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап. 

 

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция департаменті Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Өскемен және Қызылорда қалаларында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 4-7 қаңтарда жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың басшылары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың қатысушыларын ұстады және жауапкершілікке тартты.

Жүргізілген арнайы операциялардың нәтижелері бойынша ұсталғандардан төмендегідей қару-жарақ түрлері алынды: екі “Калашников” автоматы, төрт “ПМ” тапаншасы, төрт “Глок” тапаншасы, револьвер, “ТТ” тапаншасы, помпалық мылтық, автоматты мылтық, “Сайга-410” тегіс ұңғылы карабині, “Оса” травматикалық тапаншасы, РГД-5 гранаты және әртүрлі калибрлі 130 бірліктен астам оқ-дәрілер.

Барлық ұсталғандарға қатысты “күзетпен ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

441 қаралым