Жарияланды: 11.02.2022

Атырауда ауылдасын айуандықпен өлтірді деген күдікпен бір топ адам сотталып жатыр

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Индер ауданы Есбол ауылының 30 жастағы тұрғыны Азамат ҚАЛБАҒАЕВТЫҢ өліміне қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Ақжайық.

Қайғылы жағдай былтыр 8 тамызда орын алған. Азамат Қалбағаевты бір топ жігіт алдап шақырып, ауыл шетіне алып кеткен. Ол жерде темір арматураны қолданып, асқан қатыгездікпен қанжоса қылып сабаған. Аяқ-қолы сынып, басы жарылған. Азаматты ауыл адамдары тауып алып, ауруханаға апарған. Бірақ жігіт есін жимастан аурухананың қабылдау бөлмесінде көз жұмады.

Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігінің 7-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша адам өлтіру») бойынша тергеліп, сотқа жіберілді. Айып орындығында 8 адам отыр. Олар 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

612 қаралым