Жарияланды: 11.02.2022

Дариға Назарбаеваның дереу отставкаға кетуін талап еткен петиция құрылды

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның Мәжіліс депутаттығынан дереу отставкаға кетуін талап еткен петиция жасалды, деп хабарлайды orda.kz.

 

«Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі мүмкін деген мәселе көптен бері күн тәртібінде тұрған. Бірақ Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына ресми өтініш берген жоқ. Көмекшісінің айтуынша, ол коронавируспен ауырғаннан кейін еңбек демалысында. Кейбір ақпарат көздері оның Дубайда екенін айтты. Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етеміз!» делінген петицияда.

 

Айта кетесек, Назарбаева қасіретті қаңтар оқиғаларынан кейін Мәжіліске келмеген. Ресми нұсқа бойынша, ол коронавирус жұқтырған. Ал кейбір дереккөздер Назарбаеваның Дубайда жүргенін хабарлады. 10 ақпанда Мәжіліс депутаты Айдос Сарым оған сенімсіздік білдіріп, тұңғыш президенттің қызы отставкаға кетуі керек деген ойымен бөлісті.

1 404 қаралым