Жарияланды: 12.02.2022

Жүріп бара жатқан көліктен жартылай жалаңаш қыз шықты

Көшеде кетіп бара жатқан көліктің терезесінен шығып, төбесіне мінген жартылай жалаңаш қыз желіде сынға қалды. Қала полицейлері әзірге бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.

Желіқолданушылар белгісіз қыздың бір түрлі қылығын сынға алуда, деп хабарлайды Экспресс К.

Шоу жалғасады. Байтұрсынов пен Сәтпаев көшелерінің қиылысы. Алматы қаласы. Көрініске тақырып қойыңыздар,

— деп жазылған аталмыш видеода.

 

Кадрда жаздық үлгіде жеңіл киінген қыз жүріп бара жатқан жеңіл көліктің терезесінен шығып, төбесіне мінбек болады.

«Адамда ақыл болмағаннан кейін, қиын екен ғой», «Ұятқа қалмаңыз, қарындас», «Ол жалаңаш па әлде маған солай көрініп тұр ма?», «Өзі сымбатты, мүсіні келіскен қыз секілді»,

— деген секілді жазбалар жетерлік.

Кейбір желіқолданушылар қыз мінген көліктің көше қиылысын бағдаршамның қызыл жарығы жанып тұрған кезінде кесіп өткенін айтуда.

1 634 қаралым