Жарияланды: 13.02.2022

Түнгі клубта сүйіскен жас қыздардың ерсі қылығы жұрттың ашуын келтірді

Экспресс

Ақтөбедегі түнгі клубтың біріндегі жас қыздардың ерсі әрекеті әлеуметтік желіге жарияланды.

Бұл туралы видео pzdc_aktobe-нің instagram парақшасына шықты, деп хабарлайды Экспресс К.

Бейнежазбада сахна төрінде тұрған екі жас қыз әуенге елітіп бір бірімен сүйіседі. Айналасындағылар олардың іс әрекетін қолапаштап, айқайлап тұр. Сірә қыздар шарадағы ойынның талаптарын орындап тұрған тәрізді.

Бейнежазбаның астына Ақтөбедегі клубтың бірінде Гало шарасы өткені жазылған. «Мен бұл жағдайға таң қалдым. Неге ешкім кәмелетке толмаған балаларды бақыламайды. Видеоны қыздардың ата-анасы көріп, ойлансын. Басқалары балаларын бақылауға алсын» деп жазылыпты.

Видеоға желі қолданушылары түрлі пікір білдірген. Бірі «бұлар жасөспірімдер емес шығар», «түнгі клубқа кәмелетке толмағандарды кіргізбейді» десе, енді бірі «фуу жиіркеншіті, Алла сақтасын» деп жазған.

2 860 қаралым