Жарияланды: 14.02.2022

Тоқаевқа үтік сыйламақ болған азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Орда

Щучинск қаласының тұрғыны Владимир Прокопьев әлеуметтік араздықты қоздырғаны үшін өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Ер адам Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа үтік бермек болған, деп хабарлайды orda.kz.

13 қаңтарда Прокопьев Щучинск қаласы әкімдігінің ғимаратына президентке «Тоқаев және КО» деген жазуы бар үтікті тапсыру үшін келген. Прокопьев әкімшілік қызметкерлерімен кездесе алмай, үтікті әкімшілік ғимаратының жанына қалдырып кеткен.

Ер адамның айтуынша, сол күні кешке оны ҰҚК ұстап, аудандық полиция бөліміне жеткізген. Прокопьевке «әлеуметтік араздықты қоздырды» деген айып тағылып, телефоны мен SIM картасын алып кеткен.

 

Сондай-ақ, оның үстінен жыл бойы митингіге бірнеше рет қатысқаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.

2 499 қаралым