Жарияланды: 15.02.2022

Дариға Назарбаева неліктен президенттік сайлауға түспеді? — Ертісбаев

Белгілі саясаткер, Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы кеңесшісі Ермұхамбет Ертісбаев «Ответь Бажкеновой» бағдарламасына сұхбат беріп, бірқатар сұрақтарға ашық жауап берді, деп хабарлайды orda.kz.

Ертісбаев Дариға Назарбаеваның Қазақстан Республикасының президенті болатын соңғы мүмкіндігі 2019 жылғы сайлауда өтіп кеткенін айтады. Саясаткердің айтуынша, Дариға Назарбаева «әке, кешір, бірақ мен сайлауға түсемін» деп айтуына болатынын алға тартады. Сондай-ақ, Ертісбаев бұлай шешкеннің өзінде бүгінгі Мәжіліс депутатына мүмкіндік берілмейтінін айтады.

Ермұхамбет Ертісбаева өзге де сұрақтарға жауап бере келе, халықтың көңілінен шығу үшін 1993 жылғы Конституцияны қалпына келтіру қажет екенін айтты.

1 168 қаралым