Жарияланды: 16.02.2022

Дариға Назарбаева Мәжіліс отырысына қатыспады: Парламентте мұның себебін атады

Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева сәрсенбі, 16 ақпанда өткен пленарлық отырысқа қатыспады. Парламентте депутаттың әлі де жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

«Депутат жалақысы сақталмайтын еңбек демалысында», — деп мәлімдеді мәжілістің баспасөз қызметіндегілер. 

Бұған дейін Дариға Назарбаеваның коронавирус инфекциясын жұқтырған соң қалпына келуі үшін қаңтар айының соңына дейін демалыста болатыны айтылған еді. 


Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева парламент отырысына жыл басынан бері қатыспаған. Ол жаңа премьер-министр таныстырылған мәжіліс отырысында да болмаған. 

Мәжілістің жетінші шақырылымында Назарбаева Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі болды. Комитет басшысы Альберт Рау Дариға Назарбаеваның еңбек тәртібін бұзбағанын және тек нақты себептермен ғана жұмыста болмағанын айтқан. 

 

1 341 қаралым