Жарияланды: 18.02.2022

Жезөкше еркек: «Сағатына 30 мың тауып, күніне бес-алты адам қабылдаймын»

Соңғы кезде елімізде жезөкшелікпен тек қана әйелдер емес, ер адамдар да көптеп айналыса бастаған. Бүкіл ел бойынша олардың саны шамамен 1 500 адамға жақындап қалған. Ал еркек көңілдестердің қызметін әсіресе қалтасы «қалың» азаматтар пайдаланады екен!

Экспресс К тілшісі жеңіл жүрісті ер адамдармен сөйлесіп, олардың қызметі туралы білді.

Бірнеше жыл бұрын жезөкшелікпен тек әйелдер ғана айналысса, қазір ғаламтордан осы «қызметпен» айналысатын ер адамдарды да табуға болады. Олардың басты ерекшелігі — еркектер қызметін тек әйелдерге ғана емес, ер адамдарға да көрсетеді.

Тәнін саудалап, нәпақасын тауып жүргендердің орташа жасы — 25. Алайда кейбір тұтынушылар жезөкше-еркек неғұрлым жас болса, соғұрлым ақшаны көп төлейді екен.

Олардың қызмет көрсету диапазоны да кең. Тұтынушымен тек қана «ыстық» төсекті бөлісіп қана қоймай, бірге киноға барады, кешкі ас ішеді, суретке түседі. Тіпті төсек қатынасын бейнежазбаға да түсіріп, тұтынушыға естелік ретінде қалдырады. Тек ақшасын төлесе болғаны.

Ғаламтор бетінен оларды іздеп көрдік. Жеңіл жүрісті қыздардың сайтында еркектерге арналған бөлім де ашылған. Онда өзінің жалаңаш денелерін, тіпті бет-әлпеті мен жыныс мүшелерін көрсетіп қойғандар да бар. Бір еркек-жезөкшемен бір сағатқа төсек қатынасына түсу — 30 мың теңге төңірегінде. Егер өз үйіңізге шақыратын болсаңыз, қызмет құны едәуір қымбаттайды. Өзіңіздің қиялыңызға ерік беріп, жезөкшені киіндіру немесе басқаша есіммен атау да ақша тұрады.

Олардың қызметін жарнамалайтын сайттағы мәліметке сүйенсек, Алматыда 767 еркек өз тәнін жарнамаласа, Нұр-Сұлтанда — 423, Қарағандыда — 180, Шымкентте — 175 ер адам осы «ежелгі қызметпен» айналысады. Ал Ақтау, Жетісай мен Сәтпаевта тек бір ер адам ғана жезөкшелер сайтына тіркеліп, ақша тауып жүр. Демек бұл қалаларда Алматыдағыдай «таңдау» жоқ.

Алматы қаласында тұратын Александр өзінің жыныс мүшесін суретін көрсетіп, «Өте әдемі жігітпін, нағыз ләззатты тек мен ғана ұсына аламын» деп өз-өзін жарнамалап қойған. Ол тек әйелдерді ғана емес, ер адамдарды да қабылайды. Сондай-ақ массаж істеп, сізбен бірге клубқа біріп, бейнежазбаға да түседі. ЭК тілшісі қоңырау шалып еді, ол түнімен жұмыс істегенін айтып, кешке қоңырау шалуымызды өтінді.

Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда жезөкшелік қызмет көрсететін Айдар есімді жігітке хабарласып көрдік. Спорттық дене бітімі бар 27 жастағы жігіт те ер адамдарды қабылдай береді. Өзінің сұранысқа ие екенін айтып мақтанған Айдар, бірден қызметін жарнамалауға кірісті.

Ер адамдарға да, әйелдерге де қызмет көрсетемін. Қызмет құны сайтта көрсетілген (сағатына 25 мың теңге). Егерде әдемі еркек болсаңыз, жеңілдік қарастырылған. Тіпті бірнеше сағат болсақ та болады. Мен үшін ең бастысы — сіздің көңіліңізді табу,

— деді Айдар,

ЭК тілшісі: Құрбым тұрмысқа шыққалы жатыр. Сол кешке қызмет көрсететін жігіт іздеп жатырмыз. Қандай ұсыныс бар?

Қыздарға керек деп айтпайсыз ба?! Қалаған қызметіңізді көрсете беремін ғой. Киімсіз даяшы болып қызмет көрсетемін. Кейін төсекті бөлісуге болады. Алдымен 200 мың теңге төлейсіз, ұнап жатса тағы да берсеңіздер болады. Стриптиз билей алмаймын,

— деді жезөкше жігіт ағынан жарылып,

ЭК тілшісі: Сіздің жыныстық аурумен ауырмайтыныңызды қайдан білеміз?

 
 

Ай сайын қажетті тесттерден өтіп тұрамын. Ешқандай ауруым жоқ. Өзімнің тұрақты тұтынушыларым бар. Олардан ешқандай арыз-шағым болған емес. Алдын-ала төлемді менің банк картама жібересіз, кейін айтқан мекен-жайға келемін де, жұмысымды істеймін,

— дейді Айдар.

Айдар әңгіменің соңында күніне 5-6 рет тапсырыс болатынын айтып, оның тең жартысы еркетер екенін айтып мақтанды.

Мені көбінесе жігіттер шақырады. Қыздарға да барамын. Орысша таза сөйлеймін. Бәріне ұнаймын. Өткен айда тұтынушы қызбен Дубайда болдым. Одан ақша алмадым, тек бірге демалып қайттық. Осыдан қандай жігіт екенімді біле беріңіз. Сайттағы суреттегі мен,

— дейді жезөкше Айдар.

Бір байқағанымыз, олардың көбі өз дене бітіміне мән беріп, спортпен шұғылданады екен. Тіпті клиенттерінің қауіпсіздігі үшін жұқпалы ауруды анықтайтын арнайы зертханаға қаралып тұрады.

Елімізде жезөкшелікпен айналысқандарға қылмыстық жауапкершілік жоқ. Тек притон құрып, оларға басшылық ететіндер ғана заң алдында жауап береді. Ал жезөкшелер ұсталып қалғанда полиция бөліміне жеткізіліп, арнайы есепке алынады. Алайда олардың жұқпалы ауру жұқтырғаны белгілі болса, заң алдында жауап беріп, тіпті бас бостандығынан айырылу жазасы қарастырылған.

2 154 қаралым