Жарияланды: 21.02.2022

Динара Сәтжан сүйікті атанды …

Көрерменнің көзайымына айналған Динара Сәтжан үшін биылғы жыл сәтті басталғандай. Күні кеше «Халықтың сүйіктісі – 2021» сыйлығына ие болды. Ол «Үздік тележүргізуші» аталымын жеңіп алды.

Қуанышты жаңалығымен Сәтжан желідегі парақшасында бөлісті. 

«Өзім Алматыда түсірілімде жүргенде анам «Үздік тележүргізуші» аталымы бойынша «Халықтың сүйіктісі – 2021″ сыйлығын алды.  Мені қолдайтын барша жанға алғыс айтамын», – деді Динара Сәтжан. 

Бизнесте де, қызметте де биік жетістіктерге қол жеткізіп жүрген Динара Сәтжан алдағы уақытта тағы да жағымды жаңалықтарымен бөлісетінін жеткізді. 

2 943 қаралым