Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова маза бермей жүрген жігіттердің бар екенін айтты.
Олар тіпті әншінің ізін аңдиды, деп хабарлайды Экспресс К. Мөлдірге күні кеше ғана белгісіз бір жігіт сөз айтып, гүл сыйлаған. Алайда әнші ер азаматтың ұсынысын қабыл алмаған. Тек оның көңілі үшін әдемі гүл шоқтарынан бас тарта алмапты.
«Осыдан екі жыл бұрын бір кісі хабарласатын, сөз айтатын. Кейін мен тұрмысқа шыққан соң ол жігіт хабарласуды қойды. Бүгін сабақ өтуге барсам, бір жігіт гүл ұстап тұр. «Мен бұрын сізге хабарласып тұратын жігітпін ғой» деп есімін айтты. Гүлін қабылдап алдым. Көңіл ғой», — дейді Мөлдір Әуелбекова.