Жарияланды: 10.03.2022

Қазақстан мен Ресейде Қытай көліктері көбеюі мүмкін

kolesa.kz

ҚХР автоөндірушілері ЕЭО нарығындағы үлесін арттырады. Еуропа, АҚШ және Жапония автоөндірушілері Ресейге машина жеткізуден жаппай бас тартып жатқан шақта аспан асты елінің өкілдері өнімін көптеп саудалауға дайындалып жатыр.

 

«Авторевю» таратқан ақпаратқа сүйенсек, Geely мен Chery Ресей нарығынан кетпейтінін мәлімдеген. Оның үстіне Chery-дің Exeed деп аталатын еншілес маркасы топтамасын тағы бірнеше модельмен толықтыру жоспарынан бас тартпай, наурызда Exeed LX кроссоверін сатылымға шығарады.

Қазір жұртты көлік құны толғандыратыны белгілі. Бірақ үш бренд те сайтындағы баға жазылған тізімді жасырып, әліптің артын бағып отыр.

Ірі өндірушілердің Ресейге көлік жеткізуден ба тартуы біздің нарыққа да әсер ететіні жасырын емес. Бұл жағдайды біздің елде ресми таныстырылған JAC, Haval, Сhery және Exeed маркалары пайдаланып қалуға тырысатыны күмән тудырмайды.

Айта кетерлігі, біздің елде Қытай маркаларының жағдайы жаман емес. Егер 2020 жылы екі мың машина иесін тапса, былтыр екі есе көп көлік сатылды.

kolesa.kz

618 қаралым