Жарияланды: 12.03.2022

Жазушы Жан Ақжанов «Вакцинация» кітабын таныстырды

Коронавирус індеті жайлап, өлім-жітім саны күрт көбейген мезетте адамдар бұдан қалай құтылудың жолын іздестіре бастады. Ғалымдар дерттің дауасын қарастырып, тәжівирусты жеңуге тырысты. Дәрігерлер күн түн демей адамдарды ажалдан арашалап қалу үшін жанталаса қызмет көрсетті. Ақыры қауіпті індетке қарсы тұрудың бір амалы вакцинация екендігі нақтыланды. Ал қазақстандық жазушы карантин өршіген тұста «Вакцинация» атты кітап жазуды қолға алыпты. Публицисттің сөзінше, екпе туралы айтпас бұрын вирустың не екенін біліп алу керек.
 
Жазушы көпшілікке пайдасы көп кітапты жазуды 2020 жылы бастапты. Ақыры 8 ай дегенде кітап жұртшылықтың қолына тиген.  Халықты ақпараттандыруды көздеген жазушының сөзінше қазіргі таңда вакцина жайлы ақпарат жеткіліксіз. Сондықтан бұл оқулықтың жұртқа берері көп. Жалпы, Қазақстанда алғаш жазылған вакцина туралы кітаптың таралымы 1000 дана.
 
 
Осыған орай, №1 қалалық емханада қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжановтың қатысуымен емхана қызметкерлері және вакцинациядан бас тартқан тұрғындар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жиында коронавирус инфекциясына қарсы вакцинацияның маңызы мен қауіпсіздігі туралы айтылды. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.
 
580 қаралым