Жарияланды: 15.03.2022

Балалардың сүйікті дәрігері

Елена Хан — жоғары санаттағы балалар дәрігері. Кішкентай пациенттердің сүйікті дәрігеріне айналған ақ халатты абхал жан 30 жылға жуық медицина саласында қызмет етіп келеді.

Қаладағы №8 емханада қызмет ететін Елена Ханды білмейтін шымкенттіктер кемде кем. Дәрігер тек емханаға тіркелген науқастар ғана емес,қала аумағындағы балалардың ата-аналарына арнайы іздеп келіп, кеңес алады. Әйел болса да, адам өміріне араша түсу кезіндегі кейбір қиын сәттерде ерлерден кем түскен жері жоқ. Ол жылына 6000 балаға медициналық көмек көрсетеді. Ақ халатты абзал жан тұрғындарға да кеңес беруден жалықпайды.

Білікті маман бір отбасының үшінші буынына көмек көрсетіп келеді. Елена Анатольевна сәбилерді және ата-аналарын,жалпы өз жұмысын жақсы көретін дәрігер.Елена Хан елдің алғысын алып жүрген бетке тұтар дәрігері.

 

918 қаралым