Шымкенттегі білім ошақтарында балаларға ыстық тамақ беріле бастағанына біршама уақыт болды. Қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиевакүні кеше қала мектептеріндегі оқушыларға ыстық тамақтың берілуін тексерді. Бірнеше мектепке ескерту беріп, талап орындалмаған жағдайда қатаң шаралар көрілетінін ескертті. Алдағы уақытта бұндай тексеру ұдайы түрде өз жалғасын табатын болады.
Сондай-ақ, ата-аналарға мектепте беріліп жатқан ыстық тамаққа білдіретін арыз-шағымдары болса басқарманың әлеуметтік желідегі парақшасына жолдау қажеттігі ескертілді,