Жарияланды: 18.03.2022

«Ресейде оқытуға қарсымын» деген ата-анаға вице-министр жауап берді

ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Желіге шолу» айдарына оқырман тарапынан көптеген сұрақтар қойылуда. Жуырда «Болашақ» бағдарламасына ресейлік университеттердің қосылуы, сынама ҰБТ бағасы мен жекеменшік мектепке құжат тарсыру туралы оқырмандарымыздың сұрақтарына жауап берді.
 
Мәселен, ibek_q есімді желі қолданушысы: «Ресейге бала жіберіп оқытудың қажеті емес. Салық төлеушінің есебінен Ресейге оқытуға қарсымын!»,- деген пікір қалдырыпты.
ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев оқырманымызды толғандырған тақырыпқа қатысты түсініктеме берді.
Вице-министрдің айтуынша, биыл «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға түсуге болатын университеттердің саны көбейді. Тізімге жаңадан қосылған жоғары оқу орындарының арасында ресейлік университеттер де бар. Мәселен, осыған дейін 214 оқу орны болса енді 20-дан астам университет қосылып, таңдау мүмкіндігі ұлғайды. Екіншіден, бұл ағылшын тілін жетік меңгермеген, бірақ орыс тілін жақсы білетін жастарымыз үшін шетелде білім алудың тамаша мүмкіндігі,-дейді вице-министр. Ресейлік университеттердің қосылғаны АҚШ, Азия немесе Еуропалық жоғары оқу орындарын таңдауға еш кедергі келтірмейді. Министрлік тек «Болашақ» бағдарламасының географиясын кеңейтіп, жастарға таңдау аясын ұлғайтып берді.
908 қаралым