Жарияланды: 22.03.2022

«Халықтың несиесі кешіріледі»: Рас па?

фото massaget.kz

Желіде тараған видеода Қасым-Жомарт Тоқаев тұтыну несиелерінің 90%-ын есептен шығару туралы жарлыққа қол қойғаны айтылған.

Алайда Stopfake.kz бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Экспресс К.

«Қазақстан президенті мұндай жарлыққа қол қоймаған. Оның үстіне видеоның өзі мемлекет басшысының жарлығы туралы емес, бұған дейін қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев түсіндіріп берген жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заң жобасына қатысты», — делінген хабарламада.

Жобада несиенің 90%-ын есептен шығару қарастырылмаған. Ол халықтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге және адал қарыз алушыларға көмектесуге арналған.

 

3 909 қаралым