Жарияланды: 10.04.2022

Түлкібастық түлектер мектепке 63 домбыра сыйлады

Түлкібас ауданында «Мектебіңе домбыра сыйла» акциясы жалғасып жатыр. Эстафета осымен үшінші мектепке жолданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Аталған акция ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбайдың ұсынысымен бастау алған. Ауданға келген сапарында ұстаздармен кездескен халық қалаулысы ұлттық аспапты ұлықтау жөнінде ой тастайды. Идеяны құп көрген Састөбе ауылының А. Макаренко атындағы мектебінің түлектері акцияны алғаш болып өткізеді. Олар білім ордасына 15 домбыра тарту етті.

Ұлттық аспапты ұрпаққа насихаттау мақсатындағы шара енді Тұрар Рысқұлов ауылының Абай атындағы мектебінде жалғасты. Осы мектептен әр жылдары түлеп ұшқан азаматтар 63 домбыра сыйлады. «Мектебіміздегі музыка пәнінің ұстаздары оқушыларға домбыра үйретуді қолға алып жатыр. Әзірге 10-нан астам өнерпаздан тұратын шағын тобымыз бар. Мектепішілік домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылар алдағы уақытта осы домбыралармен өнер көрсетіп, байқауларда топ жарады деп сенемін. Сондай-ақ, аспаптар музыка сабағында қолданылады», — дейді Абай мектебінің директоры Қарлығаш Спабекова. Ал, эстафетаны Ұрбұлақ орта мектебі қабылдап алды. Түркістан облысындағы мектепке домбыра сыйлау акциясы Наурыз мерекесінде

 

6 469 қаралым