Жарияланды: 19.05.2022

Мектеп бітіру кешіне шектеу қойылады ма?

Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова мектеп бітіру кештерін өткізуге шектеу қойылмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Қазақстанда анықталған коронавирустың «стелс-омикрон» штамы жылдам тарайды. Бірақ дельта-штаммен салыстырғанда жеңіл өтеді. Әзірше ешқандай карантиндік шектеу енгізілмейді. Барлығы эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады.

Бас санитардың айтуынша, түлектер кешін өткізуге ешқандай шектеу жоқ. Себебі бұған дейін карантин шаралары алынып тасталды. Алайда Есмағамбетов ата-аналарға жақсылап ойлануға кеңес берді.

«Қазір денсаулық сақтау министрлігі тарапынан ешқандай шектеу жоқ. Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, дегенмен вирустың ешқайда кетпегенін ұмытпау керек. Ол арамызда жүр. Ұжымдық шарада қонақтардың арасында ауырып жүрген адамдар болса, олар вирустың таралуына ықпал етеді», — деді Есмағамбетова.

Ал түлектер кешін өткізген жағдайда мейрамхананы немесе дәмхананы тексерген жөн. Әсіресе, ас мәзірін жасағанда барынша сақ болу керек.

«Жаз келе жатыр, ауа температурасы да көтерілді. Ондайда ас әзірлеу технологиясына барынша мән беру керек. Азық-түлікті қалай сақтағанын, ең бастысы, оны қай жерден сатып алғанын біліп отырған дұрыс. Жазда ішек инфекциясының қаупі жоғары», — дейді Есмағамбетова.

958 қаралым