Жарияланды: 29.07.2018

Жүзеге асқан жобалар көп

Бүгінде Түркістан облысында ірі кәсіпорындар қатары артып келеді. Былтыр ғана  жұмысын бастаған  «Дезфумекс» ЖШС-нің бетон өндіріс зауыты бүгінді ісін ілгерілетіп отыр. Жобаның жалпы құны 150 млн теңгені құрайды. Сонымен бірге, «Химфарм» АҚ қатты дәрілік өндіріс формалар өндірісін іске қосты. Жобаның жалпы құны 4 266 млн теңге болса, зауыт жылына 200 миллион таблетка шығаруға қауқарлы. Сарыағаш ауданында ашылған «База-Service» ЖШС-нің консервілеу цехы бар көкөніс және жеміс сақтау құрылысы. Жобаның жалпы құны 500 млн теңгені құрайды. Жобалық қуаттылығы жылына 40 мың банкі. Ал, Шымкент қаласында «Компания Р.Э.Т» ЖШС-гі  керамикалық қаптайтын қыш шығаратын зауытының жұмысын бастады. Жылына 20 миллион кірпіш шығаратын зауыттың жобалық құны 103 миллион теңге. Ерекше жобаның бірі Отырар ауданында жүзеге асырылды. «Ақмерген» ЖШС-і жаңашыл жобаны жүзеге асыру үшін жергілікті жерде көп өсетін табиғи қамысты пайдаланды. Елімізде теңдесі жоқ жобаның жалпы құны 622,3 млн теңге. Жылына 150 мың шаршы метр өнім өндіруге қауқары бар цехта  жергілікті 30-ға жуық адамды тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Жалпы облыста Қазақстанның индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны  1,2 трлн теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған.

1 310 қаралым