Жарияланды: 22.11.2022

Көші-қон заңнамасын бұзған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші» жедел-профилкатикалық іс-шарасының 7 тәулігінде «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзған 602 шетелдіктер мен Қазақстан Республикасының азаматтарын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде облыс аумағында ҚР ӘҚБтК 517-бабы бойынша барлығы 408 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сот шешімімен 40 шетелдік елден шығарылды, ал 39 құқық бұзушы жеке басын анықтау үшін қабылдап-тарату бөліміне орналастырылды.

Сондай-ақ шетелдіктерге тұрғын үйді заңсыз берген Қазақстан Республикасының 157 азаматы мен шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 28 азаматқа әкімшілік шара көрілді.

Сонымен қатар қоғамдық орындарда қайыр сұраумен айналысатын 7 шетелдік анықталды. Ал мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтудің 3 фактісі расталып, қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысының полицейлері «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өз жалғасын табатынын жеткізеді.

 

324 қаралым