Жарияланды: 22.11.2022

«Борышкер» жедел профилактикалық іс шара жалғасуда

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Түркістан облыстық Ішкі Істер департаментінің нұсқауына сәйкес, бұрын анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша аудандық соттың және полиция бөлімінің қаулыларымен салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіру жұмысы деңгейін жақсарту мақсатында, әкімшілік полиция және жергілікті полиция қызметі бөлімшелерімен аудан аумағында күнделікті рейдттік тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру бойынша аудандық полиция бөлімінде арнайы штаб құрылып, нақты атқарылатын жұмыстың жоспары әзірленіп, бұл тұрғыда қойылған тапсырмаларды барынша орындауға Мақтаарал АПБ ЖПҚ қызметкерлері және Мақтаарал ауданының жеке сот орындаушылар палатасының қызметкерлері жұмылдырылды.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 811 бабы 1-2 бөліктеріне сәйкес, анықталған құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 7 (жеті) тәулік ішінде төленсе, өзіне салынған айыппұл мөлшерінің елу пайызы мөлшеріндегі айыппұлды төлейтіндігі көзделген.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 1-тармағына сәйкес, жауаптылыққа тартылған тұлғаның жалақысынан немесе өзгеде кірістерінен айыппұл соммасын мәжбүрлеу тәртібімен ұстап қалу үшін ол жұмыс істейтін не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкімшілігіне салынған айыппұлдардың өз еркімен уақытылы төлеуден жалтарып жүрген тұлғаларға қатысты тиісті қаулылар жолданатындығын ескертіледі.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 894-бабының 3-тармағына сәйкес егер айыппұл салынған тұлға жұмыссыз болса немесе басқада себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзгеде табыстарынан өндіріп алу мүмкін болмаса салынған айыппұлдың өз еркімен төлеу уақыттарының өтуіне байланысты Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушысына жіберіледі.

Сол себептен тұрғындар  заңда көрсетілген жеңілдіктерді пайдалана отырып айыппұлдарды уақытылы төлеулері қажет. Салынған әкімшілік айыппұлды уақтылы төлемеген жағдайда, жоғарыда көрсеткендей борышкер тұлғаға қатысты арналған іс мәжбүрлі түрде өндіріп орындау мақсатында аймақтық жеке сот орындаушыларына жіберіледі.

 

345 қаралым