Жарияланды: 22.11.2022

Құрал жабдықтарды жымқырған ұры құрықталды

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Ер адамның айтуынша, оның тұрғын үйіне белгісіз біреулер кіріп, сарайында тұрған 4 дана отпен күйдіргіш құралы, 3 дана электроматор, 1 дана болгаркасын жасырын түрде ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген жалпы шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар жақын аумақтарды түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде күдіктінің мекенжайы анықталды. Ол жергілікті тұрғын, жәбірленушінің көршісі болып шықты.

Анықталғандай күдікті күдізгі 11:30 шамасында, көршісінің үйіне ұрлыққа түскен. Ол есікті күшпен ашу арқылы қоймаға кіріп, тұрмысқа қажетті заттарды ұрлаған. Алайда күдікті оңай жолмен келген заттарды сатып үлгермеген. Айғақты заттар ұрланған күдіктінің үйінен табылып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда ұсталған күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

 

 

354 қаралым