Жарияланды: 22.11.2022

Түркістанда туристік полиция алты тілде еркін сөйлейді

Түркістанда туристік полиция бірнеше тілде еркін сөйлеп, туристерге сапалы қызмет көрсетуде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туристерді тартуда елге саяхаттап келген шетелдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды екенін айтқан болатын. Сондықтан ҚР ІІМ тапсырмасымен Түркістан облысында 2019 жылы туристік полиция құрылған болатын.
Оны құрудағы негізгі мақсат – Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін, туристік тартымдылығын арттыру, туристердің қауіпсіздігі, оларды толғандырған кез-келген сұрақтар бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету.
Мәселен түркістандық туристік полицейлер талай рет шетелдіктерге көмектесіп, жоғалған заттарын тауып беріп, мереке кезінде құттықтап, туристік аумақтың дамуына үлес қосып келеді. Туристік полицейлеріміз өз қызметтеріне әбден дағдыланған. Ана тіліміз қазақ тілінде, сондай-ақ қытайша, ағылшынша, түрікше, өзбекше, орысша мүдірмей сөйлейді.
419 қаралым