Жарияланды: 22.11.2022

Мониторинг жүргізді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Түркістан облыстық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде — «ЖАҢАРУ» РҚБ Түркістан облыстық филиалынан құралған жұмысшы топ мониторинг жүргізді. Мониторинг Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гумманитарлық – техникалық колледжінің жатақханасына жүргізілді.Бастаманың негізгі мақсаты: оқу орындары жатақханаларындағы студенттердің әл – ауқатын, оқыту және орналасу жағдайларын білу, өрт қауіпсіздігі талаптары және санитарлық нормалардың өз деңгейінде сақталуына мониторинг жүргізу.

Жұмыс тобының құрамында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Түркістан облыстық филиал төрағасының орынбасары Мырзаханов Алладин (Жетісай аудандық мәслихатының депутаты), Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тасов Аширбай Усенбекұлы, Жетісай ауданы «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің басшысы Мутаев Нұрлыбек Сағынбекұлы Ғ. Мұратбаев атындағы Жетісай гумманитарлық – техникалық колледжінің жатақханасының басшылары болды.

Мониторинг нәтижесінде өрт қауіпсіздігі талаптары және санитарлық нормалар, жас студенттерге оқыту және орналасу жағдайлары толық қамтамасыз етілгендігі анықталды.

 

359 қаралым