Жарияланды: 22.11.2022

350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырған 2 ер адам анықталды

Түркістан облысына қарасты Сайрам АПБ-ға жергілікті тұрғын хабарласып, белгісіз біреулердің дүкеніне ұрлыққа түскенін айтқан. Ақпарат алысымен тәртіп сақшылары шұғыл түрде ұрлық болған жерге шықты. Содан полицейлер әккі ұрылардың дүкенге кіріп, 350 дана электронды темекі құрылғыларын жымқырғандарын анықтады. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді. Дүкен иесіне келтірілген шығын көлемі 1,5 миллион теңгені құрайды.
Бұл ұрлық қылмысы бойынша тәртіп сақшылары жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асырып, көрген-білгендерден жауап алды. Бейнебақылау камераларын тексерді, барлық қажетті шараларды атқарды. Соның нәтижесінде ақпарат көздері арқылы, күдікті ретінде жергілікті тұрғын 2 ер азамат анықталды.
Яғни күдікті екеу қылмысты алдын ала жоспарлы түрде ұйымдастырған. Олар таңғы сағат 05:30 шамасында дүкенге терезе арқылы кіріп, өз арам ойларын жүзеге асырған. Бүгінде сезіктілерден айғақты зат ретінде ұрланған электрондық заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда сезікітлерге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
329 қаралым