Жарияланды: 22.11.2022

Деструктивті діни ағымдардың алдын алу жайлы жиын өтті

 Ауданда дін саласындағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында «Ұлтық сараптамалық талдау орталығы» қоғамдық қорының ның ұйымдастыруымен Түркістан облысына қарасты Шардара қаласында орналасқан спорт мектебінің қызметкерлері және шәкірттерімен «Діни экстремизмнің алдын алу», — тақырыбында кездесу өтті. Аталмыш кездесуге Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов, Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров қатысты.

Кездесуде Түркістан облысы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ — нің теолог маманы Д.Аманов экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс — әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді. Экстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды. Терроризм қазіргі таңда әлем індеті. Теrrоr латын сөзі қорқыныш, үрей дегенді білдіреді. Терроризмнің мақсаты — мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Терроризм — ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін — дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Терроризмнің ең қауіпті түрі — діни терроризм қаупі төніп тұр. Себебі, біздің мемлекетімізде дінге шек қойылмаған, яғни кез — келген адам өзі қай дінге сенгісі келсе соған сенуге құқылы. Қазіргі таңда бірнеше мемлекетте заңсыз діни ұйымдар белсенді әрекет етуде. Қазақстанда соңғы кезде түрлі діни ағымдардың саны өсіп келеді деп сөзін қорытындылады.

Шардара аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскері, теолог маманы А.Данияров деструктивті діни ағымдар азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс — тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін ағымдар. Олардың ортақ сипаты — діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді. Жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар көп. Әсіресе, жастар жағы. Тез елітіп, жылы сөзге тез еріп кететін болғандықтан, солай. Ал бір рет жаңылысып, жаза басқанды қайта қатаруға қосу оңай емес. Жас буынды қауіп — қатерден сақтандырудың бірден — бір жолы алдын алу. Теріс діни ағымдардың зияндығы жайлы түсіндіріліп, тыйым салынған террористік және экстремистік ұйымдардың тізімімен таныстырылды. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан — жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтылды. Дін мәселесінде сұрақ туындаған кезде жауапты ең бірінші Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайттарынан іздеген абзал екендігін айтты. Деструктивті діни ағымдардың жастарды арбау әрекеттері осы ғаламтор ресурстары арқылы, соның ішінде әлеуметтік желілерде жүзеге асырылуда. Деструктивті діни ағымды ұстанушылардың басым көпшілігін жастар құрайды. Қоғамға іріткі салатын дәстүрлі емес, теріс пиғылдағы, деструктивтік діни ағымдардан сақтанудың жолдарын жастардың санасына ұғындыру. Зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан — жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтылды.

331 қаралым