Жарияланды: 29.07.2018

Майлы дақылдан пайда көп

Бүгінде Түркістан облысына қарасты Төле би ауданында мақсары егумен айналысатын шаруа қожалықтары жетерлік. Ауданда қауын қарбыз егумен айналысатындар жоқтың қасы. Өйткені таулы аудан болғандықтан жазы салқындай. Қауын қарбыз дер уақытында пісіп үлгермейді. Сондықтан да шаруа қожалықтары негізінен астық өнімдері мен майлы дақылдар егумен айналысады. Ірі кәсіпорын болмаса да ауыл ауылдарда мақсары майын өндіретін шағын цех ашып алғандар баршылық.  Мақсарыны егуі бар, оруы бар, жинауы бар, оны майға айналдыруы бар шаруа қожалықтарының егелері оншақты ауылдасын жұмыспен қамтып отыр. Жалақысын береді, мақсары майымен есептеседі. Дегенмен біраз шаруалар «Шымкентмай» АҚ –еа апарып нақты ақшаға өткізгенді қолай көреді. Қоғалы ауылдық округіндегі шаруа қожалықтары бүгінде мақсары өсірудің шебері болып алған. 1 гектарға егілген өнімнен 1 тонна мақсары түседі. Тұқымдыққа, жағармайға кеткен шығыннан бөлек тәп тәуір табыс түсіретіндерін жасырмайды. Қоғалы ауылдық округіндегі «Жаңа ғасыр» шаруа қожалығының төрағасы П.Үсіпбековтың мақсары егумен айналысқанына оншақты жылдың жүзі болды. Ең алғаш мақсарыны әкеліп жерсіндірудің өзі оңай болмағанын айтады. Бүгінде мақсары ору науқаны қызу жүргізілуде. Алдағы уақытта алқап  көлемін көбейту жоспарында бар.  

 

1 111 қаралым