Түркістан полициясына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде арызданды. Оған сырттай танысы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақыны алып беретінін айтқан. Бұл қызметі үшін 3 600 000 теңге ақшасын алып, 2 айдай алдап келген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді.
Тәртіп сақшылары хабар түсісімен бірден іске кірісті. Күдіктіні табу үшін жан-жақты іздестіру жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшылары атқарған жедел шаралардың нәтижесінде, алаяқтық жайтына қатысы бар жұмыссыз әйелді анықтады.
Белгілі болғандай күдікті әйел өз арам ойын іске асыру үшін танысына кәсіпкерлерге берілетін қомақты ақша алып беремін деген жалған уәдеге сендіріп, ақшасын алған. Осыдан соң уәде орындалмай, не ақша қайтарылмай 2 ай бойы жәбірленушіні әуре-сарсаңға салған. Бүгінде күдікті әйелге қатысты тергеу жүргізілуде. Облыс полицейлері тұрғындарға барынша қырағы болып, алаяқтарға алданбауға шақырады!