Жарияланды: 22.11.2022

Ойынхананы тонаған бір топ жасөспірімге қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді

Түркістан қаласының прокуратурасы «Loto club» ойынханасын тонаған бір топ жасөспірімге қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді.
Тергеу барысында  екі жасөспірім аталған ойынханаға баса-көктеп кіріп, біреуі қолындағы ойыншық тапаншаны келушілер мен жұмысшыларға қарай бағыттап, оларды айқайлап қорқытып, екіншісі кассадан жеке кәсіпкерге тиесілі 326 500 теңге ақшаны жымқырғаны анықталды. Осыдан кейін олар сыртта жағдайды бақылап күтіп тұрған қалған үш сыбайласымен бірге оқиға орнынан бой тасалап, қылмыстық жолмен табылған қаражатты өзара бөлісіп, жеке бастарына жаратқан.
Қалалық полиция басқармасы барлық күдіктілерді анықтап құрықтады, тергеу нәтижесімен олардың жоғарыда көрсетілген қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, іс-әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігінің 1,3-тармақтарымен сараланған (алдын ала сөз байласып жәбiрленушiнiң өмiрi мен денсаулығына қауiптi емес күш қолдану қатерін төндіріп бөтеннің мүлкін ашық жымқыру). Аталған қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген
359 қаралым