Балалардың тұрғылықты жерін анықтау, медиация тәртібімен келісімге келді
Түркістан облысына қарасты Келес аудандық соты, талап қоюшы К. жауапкер А-ға балалардың тұрғылықты жерін анықтау туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісін қарады.
Сот отырысында тараптар дауды медияция тәртібімен реттеу туралы келісімге келді. Осы келісімге сәйкес жауапкер А талап қоюшы К-мен ортақ төрт балаларының тұрғылықты жері деп, анасымен бірге тұруды белгілеуге келіседі.
Өз кезегінде талап қоюшы К жауапкер А алған міндеттемемен келісіп, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді және азаматтық істі тоқтатуды сұрайды.
Соттың ұйғарымымен тараптардың араларында түзілген медиациялық келісімі бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ұйғарым заңды күшіне енбеген.