Жарияланды: 22.11.2022

«Жас сарбаз» сыныптары арасында әскери-патриоттық сайысы өткізілді

Жуырда  Түркістан облысында «Бәйтерек жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жас сарбаз» сыныптары арасында әскери-патриоттық сайысы өткізілді.

Спорттық сайыстың басты мақсаты: жасөспірім жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру-рухани тірегі бола отырып, қоғамның дамуына,азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі болып саналады.

Аталған шара-жастармен жұмыс жасайтын әскери-патриоттық клубтардың, бірлестіктердің басшыларына мамандарына тәрбие жұмысы бойынша ұйымдастырылып отыр.

Қорытындылай келе,еліміздегі барша патриот,отансүйгіш жастарды патриотизмге тәрбиелеу болып табылады.

Жарыс соңында:

I орын- «№32 Ә.Жангелдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Арыс» әскери-патриоттық клубы;

II орын- «№11 Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Барыс» әскери-патриоттық клубы;

III орын- «С.Қожанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің «Барлаушы» әскери-патриоттық клубы Арыс қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы М.Сарыпбекованың арнайы алғыс хатымен марапатталып, сыйлықтар үлестірілді.

 

342 қаралым