Жарияланды: 22.11.2022

«Жас ұлан» ұйымының антын қабылдау рәсіміне куә болды

Түркістан облысы Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық орталық алаңда  мерекелік шара өткізілді. Мерекелік шараға атқарушы билік өкілдері -аудан әкімі, орынбасары, ауыл округі әкімдері,бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мектеп басшылары, мұғалімдер, мектеп оқушылары қатысты. Мерекеге келгендер оқушылардың «Менің елім- Қазақстан» атты сурет көрмесімен танысты. Меркелік шара Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай» күйлерімен ашылды.  Әскери жетекшілер бастаған, Ш.Уәлиханов ат мектеп-гимназиясы, Амангелді, С.Нұрмағамбетов атындағы және «Темірлан», «Бәйтерек» жалпы орта мектептерінің ұстаздары мен оқушыларының мерекелік шерушілері өз өнерлерімен, құттықтауларымен маңыздылығын көрсетті. Жастардың бойына әскери рухты сіңіру, әскери қызметтің, әскери кәсіпті және ұлттық қауіпсіздік органдарының кәсібін танымал ету басты мақсат болып табылады. Шараға жиналғандар  Тұңғыш рет аудан бойынша 5 сыныптың үздік оқушыларының бірыңғай «Жас ұлан» ұйымының антын қабылдау рәсіміне куә болды. Аудан әкімі Нурбек Бақтыбайұлы бастаған зиялы қауым өкілдері, аудан ардагерлері оқушыларға «Жас ұлан» ұйымының галстугін тақты. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігінің тұғырлы болуы жолында ауданымызға басшылық жасап отырған аудан әкімі Бадырақов Нурбек Бақтыбайұлы құттықтау сөз сөйлеп,  «Жас ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтады. Жиын соңы мерекелік сазды концертке ұласты.

 

288 қаралым