Жарияланды: 22.11.2022

Түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті жеке құрамына бүгін Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасының «ЖИТС—тің алдын—алу және онымен күресу орталығы» —ның мамандары келіп, АИТВ /ЖИТС тың әлем және Қазақстан бойынша таралуы, эпидемиологиялық жағдай, жүре пайда болған иммунитет тапшылығының синдромы туралы негізгі түсініктерін жеткізді. Аталмыш мекеме мамандары, дәрігерлер А. Жапбар, А. Жумадиллаева, Б. Амантай ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, әлемде 42 млн—нан аса адам АИТВ мен өмір сүретінін жеткізді, ал елімізде бұл көрсеткіш 35 мыңнан аса адамды құрап отыр. Қазақстан Республикасы вирустың тарауы бойынша төменгі қатардағы елдерге жатқанымен, елімізде АИТВ —мен науқастану саны жыл сайын 10%—ға артып отырады. Сонымен қатар департамент жеке құрамы арнайы тесттен өтіп, бір мезгілде өздерінің бұл аурумен ауырмайтындығына көздерін жеткізді.

 

325 қаралым