Жарияланды: 22.11.2022

«Елін қорғау-елге серт» атты шара өтті

 Түркістан қаласына қарасты Сауран аудандық «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде» «Елін қорғау-елге серт» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өтті.

Кешті аудандық кітапхана директоры Құндызай Ажмаханқызы ашып берді.

Ұйымдастырылған шараға «Ауған ардагерлерінің» алқа төреғасы Ақай Тілес, Сауран аудандық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Қалеке Марат, Абай ауылдық клуб меңгерушісі Дүйсенбеков Ералы және кітапхана қызметкерлері қатысты.

Жүздесу барысында ардагер әскери өмірінен сыр шертті. Жастар арасында әскери қызметтің беделін арттыру басты мақсат болып табылады.

Кездесуге келген аудандық Ауған соғысы ардагерлер кеңесінің төреағасы Ақай Тілес тәрбиелік мәні зор естелік әңгімелерін, Ауыр аманат арқалап,өмір мен өлім белдескен қанды шайқас батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестер жайында айтып өтті.

Қатысушылар өздерінің толғандырған, қызықтырған сауалдарын қойды.

Кездесуді кітапхана директоры Құндызай Ажмаханқызы қорытындылап, ауған соғысының ардагерлеріне ұжымы атынан алғыс айтты.

Соңынан Ауған соғысының ардагері Ақай Тілес кітапханашыларға естелік ретінде сый-сияпат табыс етті.

 

342 қаралым