Жарияланды: 23.11.2022

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тұжырымдамасын түсіндірді

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев жұмыс сапармен Бәйдібек ауданында болды. Шаян ауылдық округі әкімі аппаратында Шаян, Ағыбет және Алғабас ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесіп, 2022 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің жаңа редакциясын және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндірді.

Сонымен қатар облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаев Бәйдібек ата ауылындағы мәдениет үйінде Алмалы, Борлысай және Көктерек ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен кездесу жиынын өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге 2022 жылдың 22 ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп Кодексінің жаңа редакциясын және ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндірді.

Жиындарда мемлекеттік қызметшілер тарапынан Әдеп жөніндегі уәкілге сұрақтар қойылып, қолданыстағы заң аясында жауаптар берілді.

Кездесу жиындардан кейін Мақсат Шамансұрұлы жеке қабылдау өткізіп, мемлекеттік қызметшілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Мақсат Исаевтың ауылдық округтердегі мемлекеттік қызметшілермен өткен кездесу жиындарын аудан әкімінің орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдатбек Жанғазиев жүргізіп отырды.

 

366 қаралым