Жарияланды: 23.11.2022

Нақты тапсырмалар құзырлы органдармен жүзеге асырылуда

 

 

Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының нормаларын, қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді біркелкі қолдану, сондай-ақ қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамсыз ету болып табылады.

Осы мақсатта, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры мен облыс прокурорының нақты тапсырмалары Түркістан облысына қарасты Бәйдібек ауданында құзырлы органдармен жүзеге асырылуда.

Қазіргі таңда электрондық форматта тергелетін қылмыстық істер материалдарының процессуалдық рəсімделуіне қатысты кемшіліктер жоқ емес, жұмысты жақсарту бағытында тиісті шаралар көрілуде.

Осы мәселеге қатысты бүгін Бәйдібек ауданының прокуроры Н.Ешенқұлов, аудандық сот төрағасы М.Сәрсенов, аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу бойынша орынбасары С.Тұрманов және осы тергеу саласындағы полиция қызметкерлерінің қатысуымен жиын өтіп, қордаланған өзекті мәселелер талқыланды. Қылмыстық процесте адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын мүлтіксіз сақтауды қамтамсыз ету басты назарда екені жеткізіліп, атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша нақты тапсырмалар берілді.

314 қаралым