Жарияланды: 23.11.2022

Жас көшбасшыларға семинар-тренинг өткізді

Биылғы «Менің жауапкершілігім – біздің болашағымыз» ұраны “Жастар ресурстық орталығы” КММ ұйымдастыруымен «Өзін-Өзі»басқару ұйымдарымен жиын болып өтті.

Жиынға Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданындағы барлық жалпы орта мектептердің директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен өзін-өзі басқару ұйымдарының көшбасшылары қатысты.

Басқосуды аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ директоры Сүндет Кенжебаев қатысты.

Сонымен қатар, орталық қызметкерлері жастарға жасалып жатқан жағдайларға, әсіресе, білім мен спорт, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы қамқорлықтарға, жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, әскери қызметтің беделін арттыру бағытындағы жұмыстар, қабылданған мемлекеттік бағдарламаларға түсініктеме беріп өтті.

Іс-шара барысында аудандық “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлерінің сүйемелдеуімен көшбасшыларға семинар-тренинг өткізді.

Оқушыларды арнайы 7 топқа бөліп, олардың топтасып жұмыс істеу тәсілдерін байқады. Әрбір топ мүшелері өз орталарындағы өзекті мәселелердің тізімін жасап, оларды шешу жолдарын қарастырды. Жас көшбасшылар мәселені оңтайлы шешу жолындағы ой-пікірлері мен ұсыныс-тілектерін ортаға салды.

 

532 қаралым